тудсовет ПТК – это общественное объединение студентов колледжа, орган студенческого самоуправления. Совет состоит из активистов, желающих делать что-то полезное для своего колледжа, организовывать мероприятия, решать проблемы, возникающие у студентов птк.

Цели Студсовета могут быть различны, но подчиняются одному правилу: студенческая жизнь должна быть насыщенной и яркой!

Главная задача и главный девиз студенческого совета: «Вместе мы можем всё». Члены совета занимаются в различных творческих студиях, ездят в школы городского актива, а в стенах своего учреждения учатся не только проявлению всех своих природных задатков, но и лидерским качествам, коммуникабельности и контактности, что, несомненно, поможет в будущем дать конкурентам сто очков вперед.

Совет студенчества – это эффективный механизм для реализации своих идей и задумок, это система, способная поддержать любое начинание и позволяющая общественными силами довести его до конца. Поэтому, если у тебя есть желание влиять на происходящее с тобой, с твоими одногруппниками, быть в курсе всех событий и самому эти события творить – Студенческий совет ждет тебя!

 

Стратегический план деятельности Совета студенческого самоуправления по политехническому колледжу  корпорации «Казахмыс».

  Основной целью деятельности Совета студенческого самоуправления является:

    • повышение роли студентов в обсуждении и принятии решений в колледже;
    • содействие эффективному взаимодействию студентов с преподавателями и администрацией;
    • создание условий для наиболее полного раскрытия творческого потенциала, улучшение уровня профессиональной подготовки студентов;
    • формирование у студентов гражданской позиции;
    • привитие студентам практического опыта руководящей и коллегиальной работы, умений и навыков самоуправления и соуправления;
    • укрепление положительного имиджа колледжа в Республике Казахстан и за её пределами.

Основные задачи Совета студенческого самоуправления:

    •  обеспечение возможности защиты прав студентов во всех сферах жизнедеятельности;
    • содействие формированию у студентов активной гражданской позиции, осознанию личной сопричастности и ответственности за страну;
    • привлечение студентов к решению всех вопросов, связанных с подготовкой высококвалифицированных специалистов;
    • информирование студентов о деятельности колледжа;
    • поддержка социально-значимых студенческих инициатив и проектов;
    • создание в студенческих коллективах благоприятного морально-психологического климата, сохранение и развитие традиций студенчества;
    • обеспечение высокой организованности и дисциплины студентов в учебном процессе, должного уровня успеваемости, целенаправленной организации свободного времени, быта и досуга;
    • осуществление профилактической работы по предупреждению негативных проявлений и вредных привычек в студенческой среде: употребление наркотиков, спиртных напитков, курение и т.п.

 План “Жигер” 2017-2018 учебный год
Годовой отчет по проделенной работе коллегиальнога совета молодежи “Жігер”
ОТЧЕТ о проделанной работе ОМД «Жігер» Политехнического колледжа корпорации «Казахмыс»

Жаңғыру өзімізден басталады

Бүгінгі сөзімізге арқау болатын мәселе Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы.

Кез-келген мемлекетте, әсіресе дамушы мемлекеттерде экономикалық, әлеуметтік, рухани реформалар болатыны заңдылық. Қазақстан үшін де тәуелсіздіктің ширек ғасырын артқа тастап жатқан тұста осындай рухани жаңғырудың бағдарламасы нағыз қажет дүние екені анық. Неге десеңіз,қазір дүние алма-кезек, күн сайын өзгерістер болып жатыр. Әлемдік мәдениет, әлемдік руханият пен әлемдік геосаяси процестер Қазақстанға әсерін, ықпалын тигізбей қоймайтыны анық. Сондықтан, біз қазіргі заманға лайықталып, дүниежүзілік өркениетке ілесу үшін, бүгінге дейінгі жетістігімізді ары қарай алып жүру үшін бір серпілістен өтуіміз қажет, бұл – рухани серпіліс, сананың жаңғыруы. Кез-келген уақытта, кез-келген реформаны жүзеге асыруда бүкіл жауапкершілікті өзіне алатын Елбасымыз бұл жолы да сол жүрісінен танбай, халықты рухани жаңғыруға өзі бастап шықты. Зиялы қауым өкілдерінің және алыс-жақын шетелдердегі саяси сарапшылардың пікіріне қарағанда, бұл жоба өте дер кезінде қолға алынды және оның масштабы да айтарлықтай үлкен.

Осы ретте айта кету керек, Елбасы «Рухани жаңғыруды» ұзақ мерзімді жоба екенін атап өтті. Яғни, халықтың санасы бүгін-ертең жаңғырып кетпейді. Ол үшін нақты жоспар құрып, ұзақ жылдар бойы сол жоспарды қағаз емес, іс жүзінде орындауымыз қажет. Әсіресе, жастарға көп екпін беріліп отыр. Яғни, жақын болашақта ары таза, білімді, қиындыққа мойымайтын ұрпақ тәрбиелеп шығаруымыз тиіс. Ұрпақ тәрбиелеу тек әр ата-ананың, ұстаздардың ғана емес, сіз бен біз сияқты саналы азаматтардың да борышы. Қоғам рухани жаңғыру үшін, сол қоғамдағы әр азаматтың санасы жаңғыруы керек.  Бүгінгі еліміздің жастарына «Рухани жаңғыруды» әр адам өзінен бастауы керек» деген ой салғым келеді.

Яғни, осы кезекте Өзіміз деген кім деген сұраққа түбегейлі жауап беретін болсам,ол әрине, біріншіден жеке тұлғаң, отбасың, туған өлкең, туып- өскен, кіндік қаның тамған жерің, мекенің. Осы жерде айтып өтсем, мысалға, менің елім – Қазақстан, ал сол мекеннің бау-бақша сарайы 80-жылдық тарихы бар туған өлке – Балқашым. Менің ұстанған қағидам «Елім мен үшін не істей алады емес, Мен елім үшін не істей аламын», мен осы оймен өскім келеді. Болашақта өз мамандығымның иесі болып, Балқаш қаласының метталургия саласын дамытып, одан әрі озық заманға сай жаңа идеялар мен жаңа тың бастамаларды қолға алып, ең бірінші шыр етіп дүние есігін ашқан туған өлкем Балқаш қаласын биік тұғырға көтеріп, өз қаламның тазалығына, көркеюіне атсалыссам, менің үлесім осында деп ойлаймын. Дәл осындай бағытта барлық қала жастары сана жаңғыруын қолдаса, ауылдық мекендермен қалалар дамып жатса,мемлекетіміздің де тұғыры биік,керегесі кең боларына күмәнім шексіз. Сонда ғана дамыған елдер көшіне ілесіп, өркениетті (жемқорлықсыз, қылмыссыз) қоғам болып қалыптасарымыз сөзсіз.

Мен «Рухани жаңғыру» деп бойында кемшіліктері жоқ, мықты, білімді, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу деп түсінемін. Шындығына келсек, 50-60-тан асқан ата-аналарымыздың, аға-әпкелеріміздің санасын жаңғырту енді өте қиын, олар әбден қалыптасқан адамдар. Ал, жастардың санасын кішкентай кездерінен бастап жаңғыртуымыз керек. Сонда ғана бәсекеге төтеп бере алатын ұрпақ тәрбиелеп шығарамыз, сонда ғана жоғары оқу орындарында, ішкі істер құрылымдарында, мемлекеттік қызмет саласында жемқорлықты тоқтатамыз. Сонда ғана дамыған елдер көшіне ілесіп, өркениетті (жемқорлықсыз, қылмыссыз) қоғам құрмақпыз. Елбасының ұзақмерзімді жоба дегені де осыны меңзегені болар…

Қазіргі студент жастар әрі кетсе 3-4 жылда тұрмыс құрып, ата-ана болады. «Бала-шағаны тәрбиелеме, өзіңді тәрбиеле, балаларың саған қарап тәрбие алады» деген керемет сөз бар. «Рухани жаңғыруды» әрбіріміз дәл қазір өзімізден бастасақ, біздің ертеңгі ұрпақ үшін алаңдамауымызға болады.

«Жігер» жастар ұйымының төрағасы,

колледждің студенттік кеңесінің президенті

Исатаев Абылай